Хабар телеарнасы

Курчатовта тозығы жеткен ойын алаңдары жаңартылып жатыр

Адам өміріне қауіп төндіре бастаған қондырғыларды ауыстыруды шаһар тұрғандары көптен бері өтініп жүрген еді. Бұдан өзге, аулаларды ретке келтіру, абаттандыру және көгалдандыру ісін қолға алу қажеттігін талай мәрте айтқан. Енді бұл жұмыстарға бюджеттен 37 млн теңге бөлінді. Бүгінгі күні Курчатовта 70 аула бар. Оның 16-сына жөндеу жүргізу қажет. Тұрғындарға қолайлы жағдай жасау үшін кәсіпкерлердің де көмегі қажет. Тек биылдың өзінде демеушілердің қолдауымен 12 аула аумағын жаңарту жоспарланып отыр. 

Дәурен Үлмесеков, Курчатов қаласы әкімінің орынбасары:
-Қазіргі уақытта жұмыстардың бәрі басталып, 70% дейін жұмыстар аяқталды. Бұның ішінде қаралғандар бұрынғы союз кезіндегі салынған үй аулалары. Қазіргі уақытта кеңейту жұмыстары, үлкен-үлкен алаңдарды үлкейтіп жатырмыз.