Хабар телеарнасы

«Жастармен бірге» республикалық байқауының іріктеу кезеңі басталды

6 кезеңнен тұратын байқауға 14 пен 35 жас аралығындағы жастар қатыса алады. Сондай-ақ ауыл немесе аудан орталығындағы мемлекеттік органдардың өкілдері де қатыса алады. Үміткерлер әуелі Алматыда өтетін менторлық кездесуге шақыртылады. Жобаны Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің азаматтық бастамаларды қолдау орталығы қаржыландырған.

Жасұлан Қуандық, «Алматы студенттер альянсы» КҚ төрағасы:
-Бес кезең бойынша жиналған балдың бәрі есептеліп, соңында 6 кезең дауыс беру, комиссия отырысы өтеді. Соның негізінде «Үздік ауыл», «Үздік жастарға жақын әкім», «Ең жас көшбасшы» деген сияқты номинациялар бойынша біз 20 номинацияны ұсынып отырмыз. Соңында қорытынды марапаттау кеші Астанада өтеді.