Хабар телеарнасы

Орта және жергілікті деңгейдегі басшы әйелдер саны 40% құрайды

Олардың арасында 3 министр, 28 парламент, 138 мәслихат депутаттары, облыс және аудан әкімдерінің орынбасарлары бар. Сондай-ақ 4 елші және 1 генерал да жұмыс істейді.

Тиісінше олардың жұмыс істеуіне заңнамалық тұрғыда жағдай жасалып келеді. Бұл туралы Президент Әкімішілі Басшысының орынбасары Аида Балаева айтты. Өйткені бұған дейін әйелдердің лауазымды қызметтерге тағайындалуына бірқатар кедергілер болған. Көбіне жұмыс берушілер қыз-келіншектердің емізулі баласының болуына байланысты еңбек қатынастарын орнатпайды екен. Құқықтың түзетулерден кейін қазір жұмыс барысында да әр үш сағат сайын ананың баласын тамақтандыруына мүмкіндік қарастырылған. Бұдан бөлек қазір тараптардың келісімімен онлайн жұмыс істеуге де болады. 

Бибігүл Нұрашева, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі жанындағы Қоғамдық кеңестің төрағасы:
- Біраз адам қазір аралас формасында жұмыс жасап жатыр. Мысалы, 5 күндік апта. Оның 4 күні онлайн 1 күні офлайн. Мемлекеттік қызметтегі қыздарымызға осы жаңалықтарды жеткізуіміз керек. Заңды білгеннен кейін сол заңды дұрыс пайдалана білу керек деп есептеймін.