Хабар телеарнасы

Павлодардағы жағажайға смарт камералар орнатылды

Павлодарлықтарды енді «ақылды» жүйе бақылайды. Осындай құрылғылар Ертістің жағажайларына орнатылды. Бұл не үшін қажет болды десеңіз, смарт камералардың көмегімен шомылушы рұқсат етілген тереңдіктен әрі шығып кетсе, бірден дабыл қосылады. Құтқарушыларға лезде ақпарат жетіп, олар шұғыл әрекет етуге көшеді. Пилоттық жоба әзірге орталық жағажайда іске қосылды. Құрылғы сынақтан өтуде. Тиімділігі дәлелденсе, смарт камералар шомылу орындарының барлығына орнатылады. Бүгінде осы тектес құрылғы Алматы облысында бар. 

Тілекжан Галлямов, қалалық ТЖБ бастығының орынбасары: 
- Әрине, бұзушылық анықталғаннан кейін дыбыс сигналы беріледі. Адамдар осыған орай бұны естіп, жағаға қарай ұмтылады. Өйткені әкімшілік жауапкершілік көзделген. Бұның бәрін түсіндіріп жатырмыз. Бұзушылық бірінші рет анықталған жағдайда ескерту беріледі. Қайталанатын болса, 3 АЕК көлемінде айыппұл беріледі.