Хабар телеарнасы

Павлодардағы жаңа шағын аудандарда өрт сөндіру бөлімдері ашылады

Қазіргі уақытта жобалық-сметалық құжаттамалары әзірленіп жатыр. Бір бекет 30 мың халқы бар Усолка шағын ауданынан салынбақ. 12 көлікке шақталған нысан 2024 жылы ашылады деп жоспарланған. Тағы біреуі Достық ықшам аудынының аумағында орналаспақ. Осылайша өзге бекеттер жүктемесі азаяды. Мамандардың айтуынша, облыс орталығындағы төрт өрт сөндіру бекеті тым аз.

Жасұлан Жұмашев, облыстық ТЖД бастығы:
-Талап бойынша облыс орталығында 10 өрт сөндіру бөлімшесі болу керек. Қазір өз күшімізден бір нысанды ашпақпыз. Ал келер екі жылда қос мамандандырылған ғимарат салынып, қолданысқа беріледі. Қазір Усолка шағын ауданында бой көтеруі тиіс бөлімшенің жобасы мемлекеттік сараптамадан өтуде. 1,2 гектарлық жерді ресімдеу шаралары басталды.