Хабар телеарнасы

Оралда қоқыс жәшігінен жаңа туған нәресте табылды

Әлдекім оны дорбаға салып тастап кеткен. Сәбидің көрер жарығы бар екен, аман-есен. Оны сол маңайдағы тұрғындар тауып алған. Қазір бала дәрігерлердің бақылауында. Ауруханаға жеткізілгенге дейін шақалақтың дене қызуы қалыпты нормадан түсіп кеткен. Сонымен қатар тыныс және жүйке жүйелеріне зақым келгені анықталды. Оған жедел көмек көрсетіліп, тиісті талдаулар жасалды. Ұл баланың бойы 52 см, ал салмағы 3 келі шамасында. Дәрігерлердің болжамынша, сәби табылған сәттен бірер сағат бұрын дүниеге келген. Көп ұзамай безбүйрек ана ұсталды. Полиция қызметкерлері тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. 

Мақсат Оразбаев, облыстық Көпбейінді балалар ауруханасының директоры:
-Балаға қазір екіжақты пневмония диагнозы қойылып тұр. Одан кейін бас-миының гепоксиясы, орталық жүйке жүйесінің перинаталды зақымдануы деген диагноздар қойылып отыр. Соған байланысты қазір ем алып жатыр. Бүгінгі күні баланың жағдайы бірқалыпты.