Хабар телеарнасы

БҚО-да балық шаруашылығын дамытуға басымдық беріледі

Каспий тартылып барады. Соңғы жылдары ыған қарамастан аймақта балық шаруашылығын дамыту қолға алынды. Мамандар биыл Каспий теңізінде тор қою тәжірибесін алғаш рет жүзеге асыруды көздеп отыр. Торлы қоршамада шабақ ұстау технологиясы Түркияда жағадан 30-40 метрге дейін шегініп кетті. Ақтау - теңіз суын тұщытып ішетін еліміздегі жалғыз қала. Тіршілік нәрінің жетіспеушілігі әсіресе жаз айлары қатты сезіледі. Оса, Иран Ислам республикасында жақсы дамыған. Жоспар бойынша бекіре тұқымдас және басқа да балық түрлерін өсіретін 20 кәсіпорын ашылмақ. 

Каспий теңізін бекіре, албырт, жайын, сазан тағы басқа балықтар мекендейді. Өкінішке қарай, оларды аулау кезінде тиісті талаптар сақталмайды. Резеңке қайықта немесе жағалауда қармаққа түскен балық күн астында ұзақ уақыт қалып қояды. Яғни тұтынушыларға сапасыз өнім ұсынылады. Енді мұндай олқылыққа жол бермес үшін мамандар жағалау инфрақұрылымын дамытып, жаңа технология енгізуді қолға алды.

Арман Молдашев, облыстық балық шаруашылығы басқармасының басшысы: 
- Үкіметтің қаулысымен бекітілген бағдарлама. Яғни 2030 жылға дейін Маңғыстау өңірінде 100 мың тонна балық өсіру жоспарланған. Каспий теңізі дауылды, толқынды болғандықтан соған төтеп бере алатын торлы қоршамалар қойылуы керек. Қазақстанда мұндай тәжірибе жоқ.

Талғат Исламұлы, тілші: 
- Каспий теңізі қысқа әрі күшті толқында болуымен ерекшеленеді. Ішіне балық шабақтары жіберілетін металл конструкция оған шыдас беруі керек. Сол себепті торлы қоршамалар жағалаудың кез-келген жеріне қойылмайды. Алдымен кешенді зерттеу жұмыстары жүргізіледі. Оған қазақстандық ғылыми-зерттеу институттары қызметкерлерін тарту жоспарланған.

Теңіз жағалауын зерттеу жұмыстарын биыл бастау көзделіп отыр. Осы мақсатта бюджеттен қаржы бөлінеді. Торлы қоршама қоюға болатын орын белгіленген соң балық өсірілетін мекеме құруға инвестор тартылады. Мамандар арнайы құралдың көмегімен қандай балық түрін өсіруге болатынын анықтайды. Пилоттық жобада сыйымдылығы 10 тоннадан басталатын металл конструкциялар қолданылады.

Талғат Исламұлы, тілші: 
- Жаңа технологияның дәстүрлі балық аулаудан айырмашылығы – табиғи ресурстар шектен тыс пайдаланылмайды. Мамандар: «Бұл әдіс қазір жойылып бара жатқан балық түрлерін көбейтуге мүмкіндік береді»,–дейді. Жоба аясында жаңадан жұмыс орындары ашылады. Бұл жерде ескеретін жайт - Каспий теңізі жылдан жылға тайызданып барады. Қазір судың деңгейі 29 метрге дейін төмендеп кетті.

Айдын Жарылғапова, «ҚАЗГИДРОМЕТ» РМК филиалының жетекші маманы: 
- 2023 жылы яғни наурыз айында судың орташа есеппен деңгейі -136 сантиметр, ал ол Балтық жүйесімен -29,36 метрді құрайды. Бір жылдағы есеп бойынша 33 сантиметрге дейін төмендегенін көрсетеді.

Бұл өзгерістің балық шаруашылығына қаншалықты әсер ететіні жағалауды зерттеу аяқталған соң белгілі болмақ. Мемлекет басшысының Каспий мәселелерін зерттеу институтын құру туралы тапсырма бергені көпшілікке мәлім. Жауаптыларға бұл бағыттағы жұмыстарды жеделдету қажеттігі айтылды.

Авторлары: Талғат Исламұлы, Саламат Бекбаев