Хабар телеарнасы

Ақтаулықтар 101 жастағы кейуананы көктемнің алғашқы күнімен құттықтады

Қанаш Әбілқасымқызы – санитарлық-эпидемиологиялық бақылау саласының ардагері. Екінші дүниежүзілік соғыс аяқталған соң, тұрмысқа шығып, 6 ұл бен 3 қыз тәрбиелеген. Қазір олардан тараған 155 немере, шөбере, шөпшегінің қызығын көріп отыр. Жасына қарамастан әжейдің санасы сергек, қимылы ширақ. Әлі күнге дейін үй шаруасымен айналысады. Жақындары қарияның ұзақ жасауын үнемі қозғалыста болуымен байланыстырады. 

Қанаш Жарылғасова, қала тұрғыны: 
- Менің жасымды берсін. Еліміз аман, тыныш болсын. Балаларымыз аман болсын. Мүдірмесін, бәрінің де ойлағаны болсын.

Амангүл Жайылханова, қала тұрғыны: 
- Үлкен кісіден бата алуға және де осындай керемет ұрпақты дүниеге әкеліп, біздің Қазақстанның дамуына үлкен үлесін қосып жатырған бала-шағасы үшін алғысымызды білдіруге келдік. Анамызға денсаулық тілейміз.