Хабар телеарнасы

Тараз қаласында 558 көшеде асфальт жоқ

Тараздық тұрғындар: «Қалада тұрып, лай кешуге мәжбүрміз»,- дейді. Қант зауыты алқабындағы 5 көше, қар ерісе болды батпаққа айналады. Аумаққа ел қоныстанғалы 20 жылдан асса да тас жол төселмеген. Тұрғындар 5 жыл бұрын жол мәселесін көтеріп, қала әкімдігіне барған. «Содан бері хабар болмады»,- дейді. Алһ жауаптылардың сөзінше, мәселе биыл шешімін табады. 2022 жылы қант зауыты аумағына 21 көше салынған. Бұл жұмыстар биыл да жалғасады. Жалпы Таразда 1388 көше болса, оның 558-інде асфальт жоқ. Жерлігікті билік 2025 жылға дейін жол мәселесін шешпек. Биыл 114 көшені жөндеуге бюджеттен 5 млрд теңгеге жуық қаржы бөлінген.

Жеңіс Мұсабаев, қала тұрғыны:
- Мысалы, қаланың ішінде біраз көшелердің асфальты бар, көшелердің үсітенен салды. Сол жаққа кеткен шығынды осындай-осындай жерге жұмсауға болады ғой. Ауыл емес. Қалалық тіркеу бәрімізде. Сондықтан қала болған соң қала сияқты болу керек қой.

Нұрбол Қалдыбаев, қала әкімінің орынбасары:
- Сахзавод аумағында биылғы жылы 10 көше бұрылыстарымен кіріп тұр. Қазіргі таңда мемлекеттік сатып алу рәсімдері жүргізілуде. Мердігер анықталғаннан кейін мына жақта құрылыс жұмыстары басталады.