Хабар телеарнасы

Түркия мен Сириядағы жер сілкінісінен қаза тапқандар саны артты

Жер сілкінісінен опат болғандары саны туралы дерек сәт сайын жаңарып жатыр. Соңғы ақпаратқа сүйенсек Түркияда 8 574, Сирияда кемінде 2 жарым мың адам қаза тапқан. Ақпарат сәт сайын жаңарып жатыр. Үйінділердің астында қалған тұрғындардың саны белгісіз. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы екі елде құрбандардың саны 20 мыңға жетуі мүмкін екенін мәлімдеді. Зардап шеккен аймақтарға гуманитарлық көмек жіберіліп жатыр. БҰҰ екі елге 25 миллион доллар бөлуге ниетті. Сондай-ақ Түркияның Адана қаласына Қытай құтқарушылары жетті. Ал Сирияға аспанасты елі 4 миллион доллар гуманитарлық көмек бөлмек. Оңтүстік Корея, Канада, АҚШ, Әзербайжан, Германия, Франция да жәрдем көрсетеді.