Хабар телеарнасы

Қызылорда облысы 42 мың тонна көмірге қосымша тапсырыс берді

Энергетика басқармасы жылу маусымына 176 мың тоннадай көмір жеткілікті болады деп болжаған. Алайда қаңтар аяқталмай-ақ тұрғындар 208 мың тонна қара отынды пайдаланып үлгерген. Дегенмен мамандар «қоймаларды бос қалдырмаймыз», — деп отыр. Ол үшін күн сайын облысқа шамамен 7-10 вагон көмір жеткізіліп жатыр дейді. 

Ерлан Жоламанов, облыстық Энергетика және ТҮКШ басқармасы басшысының орынбасары:
-Қызылорда облысына қосымша 70 вагон көмірді қосымша жеткізу туралы шұғыл тапсырма берілді. Негізінен халықтың сұранысы Шұбаркөл. Қалаға қосымша келетін Жезқазған арқылы жеткізіліп отыр. Сол себепті біз осы маршрутпен көбірек алуға тырысып жатырмыз.