Хабар телеарнасы

Мемлекеттік қызмет бағытында 46 мыңға жуық заң бұзушылық анықталған

602 лауазымды тұлға тәртіптік, 305-і әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Тиісінше дайындалған жаңа заң жобасы аясында - енді «сенімнен шыққан» саяси қызметшілер жұмыстан шеттетіліп, үш жылға дейін мемлекеттік қызметке келе алмауы мүмкін. Тағайындалу жағын айтсақ, мамандар мемлекеттік грантпен оқыған түлектердің аудан мен ауылда төменгі лауазымдарға конкурстық іріктеусіз тікелей тағайындалатынын айтады. Ал Президенттік жастар кадр резервіне бұл жолы 8 сала бойынша іріктеу өткізіледі.

Азамат Жоламанов, Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары:
-Биылғы жаңашылдық салаларға бөлу — біріншіден. Екіншіден — ең соңғы этаптағы сұхбатқа мүдделі мемлекеттік органдарды шақыру. Яғни министрлер аппарат басшыларын өздері қарап өздері таңдап шешім шығару үшін.