19:00Эфирде: Қорытынды жаңалықтар. Біздің мақсат
20:00Әрі қарай: Тұсаукесер! "Келінжан 4"
+7 (7172) 757 555
sale@khabar.kz

Еуропалық туристерді елге қалай тартамыз?

  • Категория: Қоғам
Еуропалық туристерді елге қалай тартамыз?

Қазақстан Еуропада туристік бағыт ретінде жақында ғана пайда болды. Алайда саяхатшылар қатары әзірге көбейе қойған жоқ.

Мұның басты себебі Қазақстан көп жағдайда бизнес-сапармен байланыстырылады. Өйткені еуропалықтар біздің елді қымбат деп есептейді. Мәселен, бір француз турисі үшін Қазақстанға 2 апталық тур шамамен 2 жарым мың еуроға шығады, ал Өзбекстан мұндай саяхат 700 еуроға арзан.

Исса Смати, туристік компания департаментінің директоры:

- Қазақстан класы жоғары қонақүйлер желісін жолға қойды. Бірақ бұларға көбіне қалтасы қалың бизнесмендер келеді. Кезінде Оман сұлтандығы осылай қателесіп, кейін онысын түзеді. Туристер қаптап келу үшін арзан жағын да қарастырған абзал. Әртүрлі қала, ауыл, кәдесый, тамақтану орындарын қамтыған дұрыс. Сонда тұрғындар да табыс тауып, ішкі экономика дамиды.

Франциядағы Орталық Азия бойынша ең ірі туроператорлардың бірі соңғы 2 жылда біздің елге бірде-бір турист жібермепті. Пандемия мен Украинадағы қақтығысқа қоса, Парижден Нұр-Сұлтанға тікелей әуе рейсінің алынып тасталуы да кері әсер етті.

Исса Смати, туристік компания департаментінің директоры:

- Қазақстанға тікелей әуе рейсінің болмауы қатты әсер етті. Бұл – үлкен олқылық. Өзбекстанға аптасына 2 рет тікелей рейс қатынайды.

Қазақстанға еуропалықтарды көптеп тарту үшін шағын қонақ үйлер мен этно-қалашықтар өте қажет. Мамандар: «Шетелдік 2 адамға арналған нөмірдің бағасы 40 мыңнан аспауға тиіс», - дейді. Сондай-ақ білікті гидтер дайындау маңызды.

Авторлары: Ернат Мелсұлы, Әлия Сыздықова

Сондай-ақ...