03:53Әрі қарай: ҚР Әнұраны
+7 (7172) 757 540
astananews@khabar.kz

ДДСҰ 5 жастан асқан балаларға Pfizer вакцинасын қолдануға рұқсат берді

  • Категория: Қоғам
ДДСҰ 5 жастан асқан балаларға Pfizer вакцинасын қолдануға рұқсат берді
Фото: sharij.net

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының иммундау жөніндегі стратегиялық консультативтік тобы 5 пен 11 жас аралығындағы балаларға Pfizer/BioNTech вакцинасын салуға рұқсат берді.

Бұл туралы 19 қаңтарда өткен отырыстың қорытындысында айтылды. Балаларға 10 микрограмға дейін азайтылған доза ұсынылады, бұл 12 жастан асқан балалардың дозасынан үш есе аз. Сонымен қатар аталған консультативтік топ қауіп тобына жататын адамдарға, яғни қарттар немесе медицина қызметкерлеріне екпеден 4-6 ай өткен соң коронавирусқа қарсы бустерлі вакцинаны қабылдауды ұсынды.

Өз кезегінде Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы иммундау бөлімінің басшысы Кейт О'Брайен консультативтік топтың шешімдеріне түсінік бере отырып, ұйымда балаларға коронавирусқа қарсы вакцинаның бустерлі дозасы қажет екені туралы ешқандай дәлел жоқ екенін атап өтті.


Сондай-ақ...