18:00Эфирде: Мегахит «Коломбиана»
+7 (7172) 757 540
astananews@khabar.kz

7 мыңнан астам адам тұрақты жұмыс орнына орналасты

  • Категория: Қоғам
7 мыңнан астам адам тұрақты жұмыс орнына орналасты

Елорда көркейіп кеңейген сайын мұнда қоныстануға ниеттілер де көбейгені рас.

Бас қалада нәпақа тауып, тұрақтап қалғысы келетіндер бар. Екі қолға бір күрек іздеген азаматтарды әртүрлі бағдарламалар арқылы жұмысқа орналасуға әкімдік жағдай жасап келеді.

Азамат Байтасов, жұмыспен қамту орталығының директоры:

- Жұмыспен қамту орталығына 22 мыңнан астам адам тұрақты жұмыс іздеуге жүгінді. Бұл азаматтарымыздың 60%-і жұмысқа орналасты. Атап айтар болсақ, 7 мыңнан астам адам тұрақты жұмысқа орналасты және қалғандары мемлекеттік қолдау шараларына жүгінді. Олар: жастар тәжірибесі, Әлеуметтік жұмыс орындары және кәсіптік оқыту және тағы басқа мемлекеттік бағдарламалар.

Жастар тәжірибесімен 900-ден астам жас түлек жұмысқа орналасқан. Бұл оқуын аяқтап, қолға диплом алған жандарды қолдау мақсатында ашылған бағдарлама. Яғни арнайы жолдама арқылы жұмысқа тұрып, тәжірибе жинауға мүмкіндік бар.

Азамат Байтасов, жұмыспен қамту орталығының директоры:

- Жұмыспен қамту орталығына мамандығы жоқ азаматтарымыз келсе, оларды қысқамерзімді кәсіп оқытуға жолдайды. Бұл азаматтарға мүмкіндік беріледі. Үш айдың ішінде өзіне ұнайтын мамандықты оқып шығып, сол мамандық бойынша куәлік алса, жұмыс істей алады. Оларды сұранысқа ие мамандықтарға оқытамыз. Шаштараз, аспазшы, тігінші, сантехник деген сияқты жұмысшы мамандықтар.

«Берілген мүмкіндікті қармап қалғысы келетін жастар жетерлік», - дейді орталықтағы мамандар. Оларды дер кезінде ақпараттандыруға тырысамыз деп отыр. Басқа да мәліметтер мекеменің сайтында жазылған.

Авторлары: Гүлзия Нақыпқызы, Артур Горшняков

Сондай-ақ...