16:00Эфирде: «Загадай желание» кино
18:00Әрі қарай: «Большая игра» кино
+7 (7172) 757 540
astananews@khabar.kz

Ақтөбе облысында әлеуметтік кезекке тіркелген бірқатар отбасы баспаналы болды

  • Категория: Қоғам
Ақтөбе облысында әлеуметтік кезекке тіркелген бірқатар отбасы баспаналы болды

Ақтөбе облысында 16 отбасы баспаналы болды.

Бұл жолы Байғанин ауданындағы әлеуметтік кезекке тіркелген бірқатар жандардың көптен күткен арманы жүзеге асып отыр. Тәуелсіздік күні қарсаңында өңірде бірнеше әлеуметтік нысан қолданысқа берілді.

Жаңа көршілерімен мәре-сәре боп, қоныс тойын тойлап жүрген Хансұлу Рысбаева өркениеттің барлық талабына сай баспаналы болғанына риза. Себебі 22 жасқа жеткен қызының денсаулығына байланысты мұндай пәтер қажет-ақ еді. Мүмкіндігі шектеулі баласын бағып отырған ана 7 жылдан бері әлеуметтік үй кезегінде тұрған. Тәуелсіздік күні қарсаңында су жаңа баспана кілтін облыс басшысының өзі табыс етті.

Хансұлу Рысбаева, Қарауылкелді ауылының тұрғыны:

- Бүгін өте қуанышты күйдемін. Көптен күткен үйімді алып жатырмын. Осы балама ауадай қажет болды. Әкімдерге, басшыларға, үй салған балаларға да алғысымды айтамын. Қазақстанда тек қана қуаныш болсын.

Тәуелсіздік тартуы Темір ауданы тұрғындарын да қуанышқа кенелтті. Кеңқияқ пен Шұбарши ауылдарында ауданы мың жарым шаршы метрлік спорт кешендері қолданысқа берілген. Типтік нысандарда жекпе-жек залы мен футбол, волейбол, баскетбол алаңдары және жаттығу орны бар. Балалар мен жасөспірімдерге арналған әрбір кешен құрылысына қазынадан 270 миллион теңге бөлінген.

Оңдасын Оразалин, Ақтөбе облысының әкімі:

- Мемлекет басшысы берген тапсырмаға байланысты шалғайда орналасқан ауылдар, елді-мекендер бар сол жердегі басты мәселе  – ­аурухана мен мектептер, спорт кешендерін салу. Себебі мына жастарымыз, елдің болашағы сапалы білім алуы керек. Сонымен қатар дені сау болып, ертеңгі күні үлкен азамат болып өсіп, тәуелсіздігімізді нығайтатын ұрпақтың өскенін қалаймыз.

Шұбарши ауылында 320 оқушыға арналған жаңа мектептің құрылысы да тәмәм болған. Білім ордасы жанында алпыс орындық интернат та бар. Жаңа ғимарат Темір ауданындағы үшауысымдық білім беру мәселесін толығымен шешуге мүмкіндік берді.

Авторлары: Мансұр Есқожин, Болат Молдағалиев

Сондай-ақ...