10:00Эфирде: «Елбасы. Тәуелсіздік жылнамасы» деректі фильмі
+7 (7172) 757 540
astananews@khabar.kz

Елімізде жылына бір рет коронавирусқа қарсы вакцина егілуі мүмкін

  • Категория: Қоғам
Елімізде жылына бір рет коронавирусқа қарсы вакцина егілуі мүмкін

Денсаулық сақтау министрі ревакцинация жүргізу жоспарланып отырғанын мәлімдеді.

Алексей Цойдың айтуынша, қазір вакциналау мерзімі пысықталып жатыр. Біздегі азаматтардың басым бөлігі екпені маусым-шілде айларында қабылдапты. Сондықтан олардың ағзасында әлі антидене бар. Екінші компонентті салдырғаннан кейін шамамен 9 айдан соң ревакцинациялау жүргізіледі. Айта кетейік, екінші қайтара екпе салуды осыған дейін АҚШ, Израиль, Ресей елдері көтерген еді.

Алексей Цой, ҚР Денсаулық сақтау министрі:

- Бұл елдерде бірінші вакцина салынғаннан бері 9 айдан астам уақыт өтіп кетті. Біз ревакцинациялауды қазан айына қарай жоспарлап отырмыз. Яғни ақпан айының басында бірінші екпені алған азаматтар ревакцинациялауға алғашқылардың бірі болып қатысады. Бұл жұмыстар әлі де пысықталып жатыр. Оны нормативтік тұрғыда бекітеміз. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен тағы да кеңесеміз.

Алдағы уақытта елімізге Pfizer вакцинасы жеткізілетіні белгілі. Бірақ бастапқы кезеңде оны жүкті әйелдер мен балаларға ғана салу жоспарланған. Алексей Цойдың айтуынша, ел азаматтары Pfizer вакцинасын күтпей, басқа вакцина салдыра бергені дұрыс. Мәселен, қазір қазақстандықтарға «Спутник V», «QazVac» препараттары қолжетімді. Бұдан бөлек Sinopharm компаниясы өндірген VeroСell вакцинасының 500 мың дозасы Алматы әуежайына жеткізілді. Ал қалған 500 мыңы екінші рейспен ертең тасымалданады. Жүктің жалпы салмағы 20 тонна. Айта кетейік, аталған қытайлық екпені Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мақұлдаған.

Сондай-ақ...