22:30Эфирде: «Қазақ хандығы» телехикаясы
23:30Әрі қарай: Кино. «Путь лидера. Железная гора»
+7 (7172) 757 540
astananews@khabar.kz

Көкшетаулық зауыт отандық өнім үлесін арттыруды көздейді

  • Категория: Қоғам
Көкшетаулық зауыт отандық өнім үлесін арттыруды көздейді

Көкшетаудағы ауыл шаруашылығы техникаларын құрастыратын зауыт отандық өнім үлесін арттыруды қолға алған.

Қазір комбайн бөлшектерінің 44% өндіріс ошағында жасалады. Жақында кәсіпорын тіркеменің екі түрі мен әмбебап орақты толықтай өзінде шығарады. Зауыттың басты өнімі ол – астық жинау комбайндары. Оның негізгі бөлігі Ресейден жеткізіледі. Бұл жерде оған ең алдымен дөңгелектері салынып, сонан соң жинау цехында қосалқы бөлшектері орнатылады. Өндіріс алаңында бір мезетте 6, ал бір күнде12 комбайн  құрастырылады.

Асылбек Тоқанов, зауыт директорының орынбасары:

- Құрастыру алаңында кабинаға күштік қондырғылар, ұсақтау құрылғысы мен басқа да бөлшектер орнатылып, трансмиссия мен қозғалтқыштың майы құйылады. Жалпы мұнда комбайнның корпусына бас-аяғы 25 деталь қойылады. Осының бәріне 90-нан 120 минутқа дейін уақыт кетеді.

Зауыт осылайша, былтыр 500-ден астам комбайн шығарған. Ал биыл сұранысқа сай 30 техникаға артық өндірмек. Оған қоса, 150 дана трактор құрастыруды жоспарлап отыр. Ал өндіріс ошағында 160 адам жұмыс істейді. Олардың барлығы дерлік – жергілікті тұрғындар.

Сатыбай Ақмөров, зауыт жұмысшысы:

- Красный ярдан да бар, Зерендіден де бар, Еленовкадан да келіп істейді. Мұнда әр адамның өз жұмысы бар. Мысалы, мына жерде жігіттер дестелегіш жинайды. Ар жағында сваркамен айналысады.

Кәсіпорын басшылығының айтуынша, биыл жұмысшылардың 90% вакцина салдырған. Себебі алда астық жинау науқаны келе жатыр. Яғни комбайндарға сұраныс күшейеді. Сондықтан қандай жағдай болмасын, өндірісті тоқтатуға болмайды.

Дамир Берікұлы, тілші:

- Ал зауыттан құрастырылып шыққан дайын техника дәл осы арада арнайы тексерістен өтеді. Мұнда мамандар оның әрбір бөлшегінің дұрыс орнатылғандығын тексереді. Содан кейін ол 3 сағаттық сынақ жолына жіберіледі. Осының бәрінен сәтті өткен техника ғана сатылымға жөнелтіледі.

Авторлары: Дамир Берікұлы, Евгений Шинкаренко

Сондай-ақ...