Хабар телеарнасы

Еліміздің бас санитар дәрігері мен Денсаулық сақтау министрінің орынбасары вакцина салдырды

Еліміздің бас санитар дәрігері мен денсаулық сақтау министрінің орынбасары алғашқылардың бірі болып вакцина салдырды.

Айтуларынша, өздерін тәуір сезінеді. Енді Ерлан Қиясов пен Ажар Ғиният тура 21 күннен кейін вакцинаның екінші дозасын алу үшін тағы осы емханаға барады. Емнің ережесі осындай, екі кезеңнен тұрады.

Жалпы бұл емханаға ресейлік препараттың 450 данасы жеткізіліпті. Мұндағы қызметкерлер де кезекпен екпе қабылдауға дайын.

Айта кетейік, Спутник V вакцинасының өзіндік құны 26 доллар шамасында. Бірақ препарат ел азаматтары үшін тегін. Жыл соңына дейін 6 млн қазақстандыққа екпе егіледі деп жоспарланған.

Ажар Ғиният, ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі

-Бүгінгі таңда осы қалада 300-ге жуық медицина қызметкері алады. Бүкіл республика бойынша мың жарымнан астам медицина қызметкері бүгін вакцина алып бастайды. Өйткені әрбір медицина қызметкері түсінеді. Біріншіден, жұмыста, өздерінің әріптестерінің арасында қауіп туғызбау керек.