21:30Әрі қарай: Тұсаукесер!. «Тұмар» телехикаясы
+7 (7172) 757 540
astananews@khabar.kz

Жәндіктерге қарсы дайындалатын улы препараттарды сатуға тыйым салынады

  • Категория: Қоғам
Shymkent

Жәндіктерге қарсы дайындалатын улы препараттардың сатылымы енді санитарлық дәрігерлердің бақылауына алынады.

Бұған соңғы уақытта елімізде химикаттардан адамдардың улану оқиғалары жиілеп кетуі себеп болып отыр. Еске салсақ, Шымкентте бір апта бұрын көпқабатты үйде жәндіктер мен кеміргіштерге қарсы залалсыздандыру жұмыстары кезінде 8 айлық нәресте иіс тиіп, қайтыс болды. Қазір қалада сауда орындарының сөрелерінде аталған препараттар сатылмайды.

Алмат Қосалиев, Тауарлар мен қызметтердің сапасын бақылау департаменті басшысының орынбасары:

- Соңғы кездері елімізде жәндіктерден құтылу мақсатында улы химикаттардан адамдардың улану оқиғалары жиі тіркелуде. Атауы, жарамдылық мерзімі, тағайындалуы, қолданылуы және мемлекеттік тіркеуден өткендігі туралы көрсетілмеген дезинфекциялық және дератизациялық заттарды сатуға тыйым салу қарастырылған.

Сондай-ақ...