Елдегі бүлік салдарынан ауруханаға түскен екі азамат қайтыс болды. Олар жансақтау бөлімінде жатқан.
Қазақстан және әлемдегі соңғы жаңалықтар
Талдау қорытындысы көрсеткендей, жобаға қатысушы тоғыз мыңнан астам кәсіпкерлік субъектісінің жеті мыңнан астамы QR-кодының тіркелуіне бақылау жүргізбей келген.
Қазақстанның бірқатар өңірінде төтенше жағдай тәртібінің тоқтатылуына байланысты Қор кеңселері ішінара бұрынғы жұмыс кестесіне оралды.
Лаңкестер мен мародерлер кесірінен Алматыдағы «Француз үйіне» келген шығын көлемі 5 миллиард теңгеден асады.
Елде коронавирус жұқтыру соңғы бір айда 20 есеге артқан.
ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында елдегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдай қаралды.
ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында инфляцияның өсуіне, азық-түлік пен мұнай өнімдері бағасының көтерілуіне жол бермеу шаралары қаралды.
Сауда нысандары күріш, жылқы еті, күнбағыс майы сияқты әлеуметтік тауар құнын 15% дейін көтерген.
Австралия «Спутник V» вакцинасының 2 дозасын салдырған адамдарға ел аумағына кіруге рұқсат берді. Бұл туралы Емдік тауарлар басқармасы хабарлады.
Қызылорда облысында жаппай бүлік кезінде залал келген тоғыз әкімшілік ғимаратты жөндеу жұмыстары басталды.
Маңғыстау облысындағы Форт-Шевченко қаласының әкімі көлікті мас күйде жүргізгені үшін жауапкершілікке тартылды.
«Самұрық-Қазына» мен Үкімет арасындағы өзара қатынастардың сипатын өзгерту қажет. Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли желідегі парақшасында жазды.
Мемлекет басшысының өкімімен Серік Жүсіпұлы Сүлейменов Қазақстан Республикасы Президентінің «Байқоңыр» кешеніндегі арнаулы өкілі лауазымынан босатылды.
Ішкі істер министрлігі қайғылы оқиғалардың куәгерлері анонимді түрде «102» мобильді қосымшасы арқылы жаппай тәртіпсіздіктер бойынша фото және бейнематериалдарды жібере алатынын атап өтті.
ҰҚК Шекара қызметінің Жамбыл облысы бойынша департаменті Мемлекеттік шекарадан екі шақырым жерден атыс қаруы жасырылған орынды тапты.
Бүгінде елордада коронавируспен ауыратын науқастарды емдеу үшін 11 стационар қайта бейімделді.
«Қазақстан халқына» қоры қазақстандықтарға көрсеткен қолдауы үшін алғыс білдірді.
Мемлекет басшысының өкімімен Самат Сатыбалдыұлы Әбіш Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бірінші орынбасары лауазымынан босатылды.