Бүлік кезінде қайтыс болғандар саны 177-ге жетті
- Категория: Қоғам
Елдегі бүлік салдарынан ауруханаға түскен екі азамат қайтыс болды. Олар жансақтау бөлімінде жатқан.
Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, марқұмдардың саны 177-ге жетті. Жалпы бұл күндері 2739 адам дәрігерлер көмегіне жүгінді. Олардың 200-і емделіп жатыр, 14-і жансақтау бөлімінде.
Зардап шеккендер арасында жүкті әйел де бар екен. Ол Алматы облысындағы митингке қатысқан.