Хабар телеарнасы

ШҚО-да су тасқынының алдын алу шаралары өтті

Қазір осыған орай арнайы жоспар да бекітілді. Тек Бесқарағай ауданында өтетін мұндай шараға «28 млн теңге жаратылады» деп жоспарланып отыр. Төтенше жағдайлар қызметінің пайымдауынша, биыл өзендерде мұз кептелісі ертерек басталуы мүмкін. Өйткені өңірде қазір аяз болғанмен, бірнеше күн бұрын сынап бағанының көтерілуі тіркелген. «Сол себепті сақтық шараларына кірісудің артығы жоқ», – дейді олар. Жалпы облыс бойынша 100-ден астам елді мекенді су басу қаупі бар. Ол жақта 14 мыңдай адам тұрып жатыр. Қазір ең қатерлі деген 41 аймақ басты назарға алынды.

Дмитрий Титов, ШҚО ТЖД бастығының орынбасары:

- Өлкеде мұз қабаты жұқарып қалған. Бұл аймақтағы барлық дерлік су қоймасынан байқалады. Сондықтан адам өмірі үшін қауіпті. Әсіресе қыста балық аулауды ұнататын тұрғындарға осы уақытта аса сақ болуын ескертеміз.