Хабар телеарнасы

Камалбек Беркімбаев: Бізді әлем Абай шығармалары арқылы танитындай деңгейде болуымыз керек

«Ақыл-ойдың алыбы саналатын Абай әлемі – тек қазақтың ғана емес, бүкіл адамзаттың асыл қазынасы, ұлт руханиятының алтын көмбесі, қараңғыда адамзатты адастырмас шамшырағы. Осы тұрғыдан алғанда, Президент өз мақаласында бірнеше мәселені орынды көтерген. Ол – Абай тануды жалғастыра беру, таныған сайын тереңдей түсу. Ұлы ойшылдың идеяларын оқып қана қоймай, оны жүзеге асыру және адамзатқа ортақ мәселелерді қозғаған тұлғаның шығармаларын әлемдік деңгейде насихаттау. Президенттің Абай арқылы қазақты танытуды үндеуі – мақаласының басты арқауы», – дейді ол.

Камалбек Беркімбаев, педагогика ғылымының докторы, профессор:

- Абай әр уақытта қазақ білімге, ілімге, ғылымға терең бой ұрса, әлемді танытатындай қоғамдағы белді мүшесі болар еді деген ойларды айтады. Біздің Президенттің мақаласы өскелең ұрпақты Абай арқылы қазақты әлемге танытуға үлкен мүмкіндік береді. Мақала әлемдік деңгейде түркі дүниесінде қызу талқыланып жатыр. Біз қазақты айтқанда Абайдың шығармалары арқылы әлем бізді танитындай деңгейде болуымыз керек.