Өткен аптада жол апатынан 39 адам көз жұмды

Тағы 104 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, салдарынан 39 адам қаза тапты. 158-і түрлі дене жарақаттарын алған. Бұл жайында Үкімет отырысында айтылды. Боранға байланысты 11 аймақта жолдар жабылған. Ішкі істер министрлігі өкілдерінің айтуынша, жүргізушілер ескертулерге қарамастан, жазғы дөңгелекпен қауіпті учаскелерге шыққан. Оның үстіне күн күрт жылып, көктайғақ та қозғалысты қиындатты.

Мақсат Байболов, ҚР Ішкі істер министрлігі әкімшілік полиция комитетінің төрағасы:

- Желтоқсанның 29-ы күні Алматы облысында ауыр жүк көлігі көктайғақ салдарынан аралық қоршауға соғылып, қарсы жолаққа шығып кеткен. Кесірінен көлік кептілісінде 15 жүк көлігі тұрып қалды. Бұл жағдай тағы екі жол-көлік оқиғасына әкеп соқты. Оның салдарынан 2 адам қаза тауып, тағы екеуі түрлі дене жарақаттарын алды.