18:00Эфирде: «Убить Билла 1» кино
+7 (7172) 757 540
astananews@khabar.kz

Алматы тұрғындары қала қазынасындағы қаржыны жұмсауға қатыса алады

  • Категория: Сюжеттер
Алматы тұрғындары қала қазынасындағы қаржыны жұмсауға қатыса алады

«Бюджеттік қатысу» деп аталатын бұл жоба шаһар тұрғындарының ұсыныстарын ескере отырып, белгілі бір істі жүргізуге негізделген.

Барлық ұсыныс «Оpеn Алматы», яғни «Ашық Алматы» қоғамдық қабылдау орнында және ресми сайтында тіркеледі. Порталға кіріп, жазба қалдыру үшін тұрғынның электрондық қолтаңбасы болуы қажет. Жобаға сәйкес әр ауданға 500 млн теңге бөлінбек. Тұрғындар тарапынан түскен ең ұтымды ұсыныстарды қоғамдық кеңес отырысы қарастырып, мақұлдайды.

Ілияс Өсеров, қала әкімнің орынбасары:

- Бір жобаға бір адам дауыс беру мүмкіндігі бар. Ең көп дауыс жинаған жобалар жоғарғы сатыда тұрады. Соларды бірінші қараймыз. Әр ауданға 500 млн теңгеге дейін лимит тұрады. Деңгейі жоғары жобалар бірінші қаржыландырылатын болады.

Сондай-ақ...