Хабар телеарнасы

ЕҰУ мен Qazcontent екіжақты меморандумға қол қойды

Елордада журналистика мамандығында оқып жатқан студенттер енді дуалды оқыту жүйесіне көшеді. Бүгін Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті мен Qazcontent акционерлік қоғамы екіжақты меморандумға қол қойды. Сәйкесінше, ұзақ лекциялар қысқарып, тәжірибеге уақыт көбейеді. Білім алушылар - el.kz, baq.kz, rukh.kz, primeminister.kz әдеби портал секілді ақпараттық-танымдық сайттарда тәжірибеден өтеді. Мамандардың айтуынша, осылайша студенттер жазу мәдениетін үйреніп, ақпараттық нарыққа тез бейімделеді. 

Қайрат Сақ, Еуразия Ұлттық университетінің профессоры
-Осы шараның аясында Qazcontent медиа холдингінің жетекші журналисттері дәріс оқитын болады. Тәжірибелерімен бөлісетін болады. Бұл бірнеше күнге жалғасатын жұмыс. Факультетімізде қазір білім алушыларымыздың саны мыңнан асты. Нақтырақ айтсақ, 1050. Енді қазір академиялық ұтқырлық бағдарламасымен Қытай Халық Республикасынан, Ресейден, Өзбекстаннан, Қырғызстаннан келіп оқып жатқан студенттеріміз бар.