Хабар телеарнасы

Жасанды интеллект журналистерге бәсекелес бола ала ма?

Жасанды интеллектпен дос бол. Бұл – халықаралық медиа форумға қатысқан шетелдік БАҚ өкілдерінің үндеуді. Себебі қазір жасанды интеллект – журналист орнына мәтін жазып, студияда жаңалықты жүргізіп, тіпті операторсыз тікелей түсірілім жасай алады. Бұдан БАҚ өкілдерінің жұмысы жеңілдейді.

Мәселен, арнайы алаңдар жалған ақпаратты жылдам анықтап, дайын мәтін нұсқаларын ұсынады. Сарапшылардың айтуынша, оларды қолданар алдын журналистік этика мен заңды ескеру қажет. 

Моника Иверсен, Германияның Қазақстандағы елшісі: 
- Қазақстандық және шетелдік БАҚ өкілдерін жасанды интеллектінің мүмкіндіктері мен қаупін талқылауы керек деп алаң ұсындық. Сондықтан мүмкіндікті пайдаланып, Германия және Еуроодақтағы елдерден IT саласындағы мамандарды арнайы шақырдық. Басым бөлігі қашықтықтан онлайн қатысуда.

Махаббат Есен, журналист: 
- Үш маңызды тақырыпты талқылайды. Ол біріншіден, этика, екінші факт-чекинг пен дипфейк жаңалықтармен қалай жұмысты істеу керек? Қалай оларға қарсы біз жұмысымызды көрсете аламыз? Үшінші тақырып ол – заң. Қандай заңдар керек? Мысалы, Еуропа, араб елдері жасанды интеллектпен жаман жаңалыққа күресе алатын заңдарды шығарған екен. Біздің елімізде де жаңа заң қолданды. Енді толықтырулар енгізу керек.