Хабар телеарнасы

Елордада түркітілдес журналистер тәжірибе алмасып жатыр

Түркиялық бір топ журналист Астанада. Олар 3 күн бойы еліміздегі медиа өкілдерімен тәжірибе алмасып, өзекті мәселелерді талқылайды. Біздің де тілшілер бауырлас елде семинар-тренингтерге қатысып жатыр. Шара Түркітілдес журналистер қорының Анталья журналистер одағымен жасалған меморандум аясында жүзеге асып отыр. Жоба жетекшілерінің айтуынша, елге басқа да шет елдердің журналистерін шақыру жоспарда бар. Бұл Президенттің Жолдауда атап өткен туризм саласының дамуына септігін тигізеді. 

Идрис Таш, Анталья журналистер одағының төрағасы:
- Біздің басты мақсатымыз – Түркия мен Қазақстандағы журналистердің арасында алтын көпір болу. Ынтымақтастығымызды одан әрі күшейтіп, тәжірибе алмасу. Мұндай жобалардың арқасында елге келетін туристердің де саны арта түседі.