Хабар телеарнасы

Елордада «Worldskills Kazakhstan 2023» чемпионаты өтеді

550 жуық студент өз мамандығының үздігі атану үшін бақ сынайды. Жуырда елордада WorldSkills Kazakhstan атты VIII Республикалық шеберлік чемпионаты басталады.

Студенттер «Шаштараз», «Кондитерлік іс», «Автомобильдерді жөндеу», «Кірпіш қалау» сынды 7 бағыттағы 30 түрлі кәсіп бойынша біліктілігін көрсетеді. Жеңімпаздар келесі жылдың қыркүйегінде өтетін Франциядағы халықаралық чемпионат финалына жолдама алады. 

Ақзира Қасымова, ҚР ОАМ Техникалық және кәсіптік білім беру департаменті директорының м.а:
- Елімізде 90 өңірлік және 7 республикалық WorldSkills чемпионаттары өткізілді. Құзіреттерді қамту бойынша қазіргі таңда 30-дан 71-ге дейін ұлғайса, конкурсқа қатысушылардың саны 309-дан 535-ке дейін артты. Ал сарапшылар 200-ден 630-ға дейін ұлғайып отыр.