Хабар телеарнасы

IT-Aiel: үздіктер марапатталды

Екі мыңнан астам қазақстандық әйел IT саласын тегін меңгеруге мүмкіндік алды. Елордада IT-AIEL жобасының алғашқы түлектері марапатталды. Жобаға елдің түкпір-түкпірінен жұмыссыз, бала күтімімен үйде отырған әйелдер қатысқан. 2 ай бойы онлайн сабақ арқылы кәсіпкерлік дағдыларын, чатботтар құрып, қосымшаларды жасауды үйренген. Үздік 50 қатысушыға сертификат пен түрлі сыйлар табысталды. Ұйымдастырушылардың сөзінше, жоба жалғасын табады. 

Дәулет Бимурзинов, Astana Hub білім беру бағдарламаларының директоры:
-Фриланс платформаларын үйренгеннен кейін сол платформаларда басқа компаниялардың заказдарын алып, жұмыс істей алады. Жалпы негізгі мақсат – әйелдерге жұмыс көзін, ақша көзін ұйымдастыру. 

Жансая Меңлібаева, Астана қаласының тұрғыны:
-Декретте отырғаныма 5 жыл болды. Екі балам бар. IT саласына дейін мен туризм мамандығымен айналысқан болатынмын. Бұл сала маған жаңа сала. Болашақта осы IT мен туризмді біріктіріп, бір үлкен жоба жасағым келеді.