Хабар телеарнасы

Президент алапат өртке байланысты Абай облысына барады

Абай облысындағы алапат өртке байланысты Президент шұғыл кеңес өткізу және апаттан зардап шеккен азаматтарға көмек көрсету шараларын қабылдау үшін Абай облысына баруды жоспарлап отыр. Мемлекет басшысының 11-13 маусым күндері Вьетнамға жоспарланған ресми сапары кейінге шегерілді. Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке және облыс әкімдігіне нақты тапсырма берді. Опат болған орман шаруашылығы қызметкерлерінің отбасыларына барынша көмек көрсетуді жүктеді.