Хабар телеарнасы

Өзбекстан сарапшылары Президент Жолдауына пікір білдірді

Өзбекстан үшін энергетика, көлік-логистикалық коммуникация және су ресурстары саласындағы әріптестік аса маңызды. Көрші елдің сарапшылары Қазақстандағы стратегиялық реформалардың сәтті жүзеге асуын ұтымды мүмкіндік санап отыр. Айтуларынша, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа арнаған жолдауы экономикаға тың серпін беріп, жалпы ішкі өнімге әсер ететін жаңа салалар жұмысы қалыптасуы мүмкін.

Равшан Назаров, Өзбекстан ғылым академиясының аға ғылыми қызметкері:
-Жаңа генерация мамандарын даярлау ісі өте өзекті. Ол қазіргі талаптарға сай дегім келеді. Жолдауда Қазақстан Президенті жергілікті маңыздағы әкімдерді сайлауға ерекше көңіл бөлді. Бұл елдің демократиялық
даму жолында екенін көрсетті. Үкімет пен министрлік жетекшілеріне жауапкершілік артылды. Енді олар жылдам әрі дербес шешім қабылдай алуы қажет.