Хабар телеарнасы

Қазіргі жастар неге кітап оқымайды?

Бұл мәселе Оралда өткен аналар форумында көтерілді. «Ата-ана өзі кітап оқу арқылы перзентіне үлгі көрсетуі керек»,— дейді кеңес мүшелері. Басқосуда өскелең ұрпаққа сапалы білім, саналы тәрбие беру мәселелерімен қатар, отбасы құндылықтарын дәріптеу жайы талқыланды. Сондай-ақ форумға қатысқан 118 анаға шеберлік сабақтары мен тренингтер ұйымдастырылды. Қазір өңірде 157 аналар кеңесі бар. 

Фарида Сүлейменова, Облыстық білім басқармасының бөлім басшысы:
-Біз секцияның бірін интернетке тәуелділіктің алдын алу мәселесіне арнадық. Әке-шеше мен ата-әже бала тәрбиесіне үлкен жауапкершілікпен қарауы керек. Өйткені перзент ата-ананың істегенін қайталайды. Өкінішке қарай қазір көбі жұмыстан кейін балаларына уақыт бөлмейді.