Хабар телеарнасы

Түркиядағы жол апатынан тағы бір отандасымыз көз жұмды

Түркиядағы жол апатынан зардап шеккен тағы бір отандасымыз кеше түнде Алания Мемлекеттік емханасында көз жұмды. Мұны Сыртқы істер министрлігі хабарлады. Қазіргі уақытта оның емханадағы туыстарына қажетті көмек көрсетіліп жатыр. Министрліктің айтуынша құжаттар рәсімделгеннен соң, денесі елге жеткізіледі. Естеріңізге салсақ, осыдан 4 күн бұрын Түркияның Алания қаласында 12 отандасымыз отырған микроавтобус пен жүк көлігі соқтығысқан еді. Салдарынан бір жерлесіміз қайтыс болды. Оның денесі Қазақстанға жеткізілген еді.