Хабар телеарнасы

Ресейде ақшаны депозитте сақтайтындар қатары азайып барады

Бір жылда көрші елде қолма-қол ақшаның айналымы 16% өскен. Мұны Ресейдің Орталық банкі мәлімдеді. Елде қолма-қол ақшаны декларациялау туралы заң жобасы қаралып жатыр. Оған сай, үйде жиналған қаражат көлемі 1 миллион рубльден асса, тұрғындар салық органдарына есеп беруге міндетті болады. Әйтпеген жағдайда қаражат тәркіленіп, жиналған ақшаның 2 еселенген мөлшерінде айыппұл салынады. Қаржы министрлігі бұл бастаманы қолдаған жоқ. Ал кей сарапшылар жобаны жүзеге асыру мүмкін емес екенін айтып отыр. 

Артем Кирьянов, Ресей салық төлеушілер одағының басшысы:
-Қаражатты тәркілеу де, екі еселенген айыппұл салу да ұсынылды. Тұрғындардан 5,10,15,30 жыл бойы жиналған ақшаның қайдан келгенін дәлелдейтін құжаттарты талап ету — заңға қайшы. Бұған көнсек, кейін бұл жобаға 1 миллионнан астам қаражатты сақтағаны үшін қылмыстық жауапкершілік те енгізілуі мүмкін.