Хабар телеарнасы

Әлемдік нарықта мұнай қымбаттап жатыр

Brent маркалы қара алтын 85 долларға сатылды. Бағаның өсуіне ОПЕК елдерінің мұнай өндірісін азайту туралы шешімі әсер еткен. Алдағы айда шикізат өндірісі тәулігіне 1,1 миллион баррельге қысқарады. Еліміздің Энергетика министрлігінің мәліметінше, Қазақстан қара алтын өндірісін тәулігіне 78 мың баррельге қысқартуды жоспарлап отыр. Эр-Рияд: «Бұл — мұнай нарығындағы тұрақтылықты қолдауға бағытталған шара», — дейді. Goldman Sachs Group сарапшыларының болжамынша, Brent мұнайы келер жылы 100 долларға дейін қымбаттауы мүмкін.