Ұлыбритания ІІ Елизаветамен қоштасып жатыр

Патшайымды еске алу үшін екі минуттық үнсіздік жарияланды. ІІ Елизаветаның табыты жұбайы Ханзада Филипп жерленген Виндзор сарайына жеткізіледі. Ондағы рәсімге патшайымның жақындары ғана қатысады. Жалпы марқұммен қоштасуға 2 мыңдай адам шақырылған. Мемлекеттік жерлеу рәсіміне Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен Парламент Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев қатысты. Бұған дейін Сенат Спикері Вестминстер холында Патшайымның табытын зиярат ету рәсіміне қатысып, көңіл айту кітабына жазба қалдырды. Сонымен бірге Букингем сарайында Король ІІІ Чарльздің қаралы қабылдауына қатысты.