Хабар телеарнасы

ШЫҰ штаб-пәтерінде тулар төмен түсірілді

Ұйымның Бас хатшысының орынбасары қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтты. Бұған дейін халықаралық ұйым еліміздегі ахуалға қатысты мәлімдеме жасап, жағдайдың жақын арада тұрақталатынына сенім білдірген еді.

Джонон Шерали Сайдамир, ШЫҰ бас хатшысының орынбасары:

- Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы хатшылығы және көпұлтты ұжымымыздың атынан осы қиын сәтте қазақстандық достарымызға көңіл айтамыз. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Қазақстан халқының даналығының арқасында ел бұл қиындықты абыроймен еңсеріп шығып, жақын арада тұрақты әрі гүлденіп, көркейіп келе жатқан Қазақстанды көретін боламыз деп ойлаймыз.