Хабар телеарнасы

ДДСҰ басшысы елдердің көпшілігі әлі де індеттің алғашқы сатысында тұрғанын мәлімдеді

Koronavirus alemde

Алайда Африкада, Орталық және Оңтүстік Америкада, Шығыс Еуропада қауіпті өсу қарқыны байқалады.

Ол карантин мен әлеуметтік қашықтықты сақтау шаралары вирустың таралуын тежеуге көмектесті деп есептейді.

«Дегенмен ол аса қауіпті вирус болып қала бермек. Қолда бар деректер дүниежүзі халқының басым бөлігі сезімтал болып қалатынын көрсетіп отыр. Бұл вирус қайта таралуы мүмкін дегенді білдіреді», – деді Тедрос Гебреисус.

22 сәуірдегі деректер бойынша әлемде коронавирусты жұқтырғандардың жалпы саны 2,6 млн-нан асты, олардың 180,78 мыңы көз жұмып, 701,4 мыңы вирусты жеңіп, сауығып шыққан.