02:00Эфирде: ҚР Әнұраны
06:00Әрі қарай: ҚР Әнұраны
+7 (7172) 757 540
astananews@khabar.kz

«Хабар» арнасының тілшісі «Парламент сөзі» жүлдесіне ие болды

«Хабар» арнасының тілшісі «Парламент сөзі» жүлдесіне ие болды

Мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулин журналистерді кәсіби мерекемен құттықтап, айтулы марапатты табыс етті.

«Парламент сөзі» байқауы бесінші рет ұйымдастырылып жатыр. «Хабар» телеарнасының тілшісі, әріптесіміз Динара Жанбатырова «Үздік телевизиялық сюжет» аталымында «Парламент сөзі» наградасын иеленді. Жүлдегерлердің арасында «Хабар 24» арнасының тілшісі Нұршапағат Несіпбаев та бар. Ол «Арнайы репортаж» аталымында ерекшеленді. Жалпы үміткерлер сегіз аталым бойынша бақ сынады. Жеңімпаздарға Мәжіліс символикасы бейнеленген мүсіншелер мен арнайы дипломдар табысталды. Айта кетейік, биыл Мәжіліс ел тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған арнайы номинация бойынша да награда ұсынды.

Нұрлан Нығматулин, ҚР Парламенті Мәжілісінің Төрағасы:

- Биыл бүкіл еліміз үшін, халқымыз үшін ерекше жыл. Себебі қасиетті Отанымыз – Қазақстанымыздың тәуелсіздік алғанына 30 жыл толады. Осы уақытта өткен барлық саяси, әлеуметтік, экономикалық өзгерістер, соның ішінде Парламенттің заң шығару қызметі әрқашанда тікелей ақпарат құралдарының назарында болды. Сондықтан журналистер әрқашанда тәуелсіздікпен бірге жасап, егемен еліміздің әрбір жеңісін, әрбір жемісін насихаттап, еліміздің, халқымыздың өмір сапасын одан әрі арттыруға зор үлес қосып келе жатыр.

Биыл «Парламент сөзі» наградасын жеңіп алған біздің арнаның журналисі Динара Жанбатырова 3 жылдай Парламенттің қос палатасының жұмысы туралы тұрақты түрде қалам тербеп келеді.

Динара Жанбатырова, «Хабар» телеарнасының тілшісі:

- Міне, мына жүлде – мемлекеттік награда. Алтын жалатылған мүсінше. Мұндай қөұрметке ие болуым тек менің емес, мен қызмет ететін ұжымның арқасы деп білемін. Шынтуайтында биылғы жыл журналистер үшін де ауыр жыл болды, сұхбаттың барлығын жиі онлайн алатын болдық. Менің еңбегімді бағалап, осындай награда табыстағанына қуаныштымын. Бұл ары қарай нәтижелі еңбек етуге жігерлендіріп, ынталандыра түседі.

Сондай-ақ...