Хабар телеарнасы

«Өнер барысы» жеңімпаздары анықталды

Биыл байқау карантинге байланысты көрермендерсіз өтті. Бұл жолы өнер мен спорт саласында жемісті еңбек етіп жүрген 20 азамат бозкілемде бағын сынады.

Қатысушылар салмақ бойынша топ-топқа бөлініп, командалық сайысқа түсті. Қазақша күресте күшін сынаған өнер адамдарының қатарында – Тәуекел Мүслім, Мейіржан Төребаев, Дәурен Серғазы секілді азаматтар бар. Бірінші орын – Еркебұлан Дайыров, Арман Қоңыр, Олжас Әлжанов, Асылхан Дүкенбай секілді өнерпаздардан жасақталған чемпиондар командасына бұйырды.

Жеңіс иелеріне 4 миллион теңгенің сертификатын үш дүркін қазақ барысы Бейбіт Ыстыбаев табыстады.

Айта кетейік, «Өнер барысы» турнирі алғаш 2019 жылы өткен. Осы аралықта бағдарламаны 10 миллионға жуық адам көріп, отандық медиа нарықта ең көп көрермен жинаған тележоба атанды.

Сондай-ақ «Хабар» арнасындағы тікелей трансляция бағдарламалар арасындағы рейтингте бірінші сатыдан түспеген.