Хабар телеарнасы

«Бұлбұл»

телесериал Булбул

2022 жылы 1 қаңтарда аты аңызға айналған КСРО Халық әртісі және Халық қаһарманы Роза Бағланованың туғанына 100 жыл толады. Осы орайда «Хабар» арнасы әншінің өнегелі өмірінің жарқын сәттері мен қилы кезеңдерін баяндайтын «Бұлбұл» телехикаясын көрермен назарына ұсынады.

Телетуындыда бұлбұл үнді әншінің шығармашылық өмірі ғана емес, азаматтық ұстанымы бар қайраткерлік қырына да мән берілген. Роза Тәжібайқызының қиын балалық шағы, отбасылық өмірі, Ташкент тоқыма институтында оқуы және майдан даласында өнер көрсетуі телехикая барысында тізбектеле түседі. Аралға араша түсіп, полигон зардабын шегіп жатқан халықтың жанайқайын жеткізген азаматтық үні оның жай әнші ғана емес, ел ертеңін ойлар тұлға екенін көрсетеді.

Алаштың ай маңдайлы аруы Роза Бағлановаға арналған «Бұлбұл» телехикаясын «Хабар» арнасынан көріңіздер.