Хабар телеарнасы

Демалыс күндері қар жауып, боран соғады

Демалыс күндері қар жауып, боран соғады

Батыс облыстарының үстіне фронттардың арктикалық жүйесі бар тағы бір циклон орнығуда. Қазақстанның аумағы арқылы батыстан шығысқа қарай жылжи отырып, олар боранды қар жаудыртып, 15-20 м/с күшті жел соқтырып, температураның төмендеуін туындатады.

Демалыс күндері республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысының таулы және тау бөктері аудандарында суық фронттардың өту ықпалынан қатты жауын-шашын болады. Көбінесе қар жауып, тұман басып, көктайғақ күтілуде.