10:00Әрі қарай: Кино «Глаза дракона»
+7 (7172) 757 540
astananews@khabar.kz

Еліміздің кей жерлерінде қар жауады

  • Категория: Ауа райы
Еліміздің кей жерлерінде қар жауады
Фото: фото: Interfax.by

Қазақстанның аймақтарының  басым бөлігінде атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты кей жерлерінде қар күтіледі. Тек республиканың батысында және оңтүстігінде ауа райы жауын-шашынсыз. Кей жерлерінде тұман болады, жел 15-20 м/с күшейеді. Жаяу бұрқасын, солтүстік-шығыста және оңтүстік-шығыста көктайғақ болады.

Қостанай, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман болады. Таңертең жөне күндіз жел 15-20 м/с күшейеді. 

Павлодар облысының кей жерлерінде бұрқасын, көктайғақ болады, жел 15-20 м/с күшейеді. Ақмола облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын болады, түнде жел 15-20 м/с күшейеді. Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын, жел 15-20 м/с күшейеді.

Алматы облысында түнде тұман күтіледі. Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады.  

Қарағанды облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын болады, жел 15-20 м/с күшейеді. Шығыс Қазақстан облысында жаяу бұрқасын, түнде тұман болады. Жел 15-20 м/с күшейеді.

Дереккөз: emer.gov.kz

Сондай-ақ...