Хабар телеарнасы

Жезқазған өңіріндегі 19 ардагер тұрады

Бұл Ұлы Жеңістің 70 жылдығы қарсаңында күтпеген тосын сый болды. 

«Мемлекет басшысының бізді ұмытпай, құрмет көрсетіп жатқаны үлкен қуаныш», - дейді қариялар. 

Сұрапыл жылдардың қасіретін көрген ардагер арада 70 жыл өтсе де, Отан үшін қаза тапқан майдандастарын, соғыстың жүрекке салған жарасын ұмытқан жоқ. Ардагер қызыл жұлдыз, отан соғысы ордендерімен, Кеңес одағының маршалы Жуков атындағы медальмен марапатталған. Алғы шепте жүріп екі мәрте жараланса да, госпиталда емделіп, ұрыс даласына қайта шыққан. Батыр атамыз жақында 95 жасқа толады.

Шахмұрат Әшірбеков, ҰОС ардагері 

-Елімізді басқарып отырған Нұрсұлтан Назарбаевқа ұзақ ғұмыр, зор денсаулық тілеймін. Істеген еңбектері халқына сүйкімді болсын. Қолға алған жұмыстары келешекте де өрге жүзіп, тарихта қалсын. 

Сәтбаев қаласында тұратын Шермұхамбет Байбосынов ақсақал да Елбасының сәлемдемесін алып, марқайып қалды. 1944 жылы соғысқа аттанған ардагер Беларусь елін азат етуге қасытқан. Соғыстан кейін де 1948 жылға дейін Кеңес әскері қатарында борышын өтеген. «Германияны жеңгені үшін», «Ерен еңбегі үшін» медальдарының иегері. Бүгінде 90 жасты алқымдап қалған қалған қария әлі де тың. Қаладағы ақсақалдардың басын біріктіріп, қоғамдық жұмыстардың бел ортасынан табылып жүреді. Елбасының әр жылғы Жолдауын да қалт жібермей оқып отырамын, - дейді ақсақал.

Шермұхамбет Байбосынов, ҰОС ардагері 

-Соңғы Жолдауын қайта-қайта оқыдым, тамаша! Кешегі беріп жатқан тапсырмалары да тамаша! Біздерді ұмытпай, біздерге құттықтау жіберіп, денсаулығымызды сұрап жатқанына көптен-көп рахмет!

Бұл күні Елбасы құттықтауы мысты өңірдегі 19 ардагердің барлығына да жеткізілді. Көнекөз қариялардың барлығы елімізде тек тыныштық болса екен деп тілейді.

Авторлары: Ардақ Асылханұлы, Василий Савкин