Хабар телеарнасы

Елдес Қоңыров қаруластарымен бірге бірнеше қаланы жаудан азат етуге қатысқан

Елдес ақсақал қазір қаруластарымен бірге 70-ші рет Жеңіс мерекесін тойлауға дайындалуда. Мереке қарсаңындағы Елбасының құттықтауы қарияны қатты қуантты.   

Ардагер Елбасының құттықтауы мен сый-сияпатына дән риза. «Мынау өзі бір тосын сый болды ғой», - деп, таңданып қалды. Қарт сарбаз Қазақ елін бүкіл әлемге танытқан Мемлекет басшысына мол алғысын жеткізді.   

Елдес Қоңыров, Ұлы Отан соғысының ардагері

- Пәлен шақты елдің бастықтары бұрын келмейтін, қазір бәрі келіп осы Қазақстанға. Соның барлығы осы Нұрсұлтанның арқасында бәрі. Астана, Ақмола бұрын жай қала еді. Соны көтерді. Қаншама үйлер салынды.

1943 жылы орта мектепті бітіре сала, әуе-десанттық әскер қатарына қабылданған ол, одан әрі соғысқа аттанады. Талай рет жау әскеріне тойтарыс беріп, фашистермен соғысудың әдіс-тәсілін жетік меңгерген Елдес ақсақал қаруластарымен бірге бірнеше қаланы жаудан азат етуге қатысқан. Сол ерліктері үшін бүгінде кеудесі ордендерге толы.

Елдес Қоңыров, Ұлы Отан соғысының ардагері

- Форсировать еткен уақытында біздің задача анау дальнобойный пушкаларды который обстреливает Днепр, уничтожать ету керек. Түнде түсіп, разведчиктер бәрі обнаружить етті, где стоят артиллерии. Он шақырым, 8 шақырым жерден атады. Содан әйтеуір Днепрден өтті аман-есен. Украинаны, Киевті босатып, немістерді әрі қарай, біз десантниктер қалдық. 

Соғыстан аман оралған сарбаз, келе сала шаңырақ көтереді. Қаржыгер мамандығын меңгеріп, 28 жыл бойы сол салада еңбек еткен. Бүгінде қария өзінен  тараған 6 баладан  11 немере, 8 шөберенің қызығын көріп отыр. Ұрпақтары: «Атамызбен мақтанып, оның өмір жолын өнеге тұтамыз», - дейді.  

Ернар Құрманғалиев, жиені

- Шылым тартпайды, арақ ішпейді. Здоровый образ. Денсаулығы мықты. Өзі соғыста десантник болған жақсы. Соғыстан аман-сау келіп, тек қана жұмыс, еңбек істеді.  

Расында, қайраты әлі қайта қоймаған қарттың жүрісі ширақ, сөздері нық. Осындай дене жаттығуларын ол күнделікті әдетке айналдырыпты.      

Авторлары: Дамир Берікұлы, Анатолий Полянный