Хабар телеарнасы

Ардагерлер азайып бара жатыр...

Ардагерлер азайып бара жатыр...

ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникциялар қызметінде өткен баспасөз-мәслихаты кезінде Бекболат Мұқышев: «Қазақстанда  қазір 5 115 Ұлы Отан соғысының ардагері қалды. Өкінішке орай, арамызда жүрген соғыс ардагерлердің  саны күнен күнге азайып барады. Ұлы Отан соғысына 1 млн 200 мың қазақстандық қатысып, тек қана жартысы  еліне оралған», - деді.

Оның айтуынша, Жеңістің 70 жылдығы қарсаңында «Нұр Отан» партиясы мен «Самұрық-Қазына» қорының қолдауымен бірқатар шара өтеді.  

«Ардагерлердің  тұрмысы, денсаулық жағдайы мен олардың мұқтаждығын анықтау жұмысы атқарылады.  Жалпы республикамыздың әрбір аумағында Ұлы Жеңістің 70 жылдығы кеңінен аталатын болады. Елбасы айтқандай, Жеңістің 70 жылдығын біз ардагерлерімізді  құрметтеп,  тарихымызды қастерлеп қарсы  алуға тиістіміз», - деді Бекболат Мұқышев.