Хабар телеарнасы

Қаржы пирамидасының басшысы сотталды

Халықты алдап 215 миллион теңге жинаған S-Systems қаржы пирамидасының былығы ашылды. Криптовалюта биржаларымен ынтымақтасатын компанияның атын жамылып, салымшылардың санын көбейткен. Заңды тіркелмеген жобаларға инвестиция салу мүмкіндігін қарастырған. Астанада қаржы пирамидасын құру және басқару фактісі бойынша бұл компания басшылығына қатысты сот үкімі шықты.

Әлібек Әбділов, ҚМА ресми өкілі:
-Клиентті инвестицияның қауіпсіз екендігіне сендіру үшін ID беру арқылы клиенттің жеке кабинеті тіркелген. Салымға тең виртуалды қаражатпен толықтыру мүмкіндігі бар веб-сайт құрылды. Сот үкімімен Sincere Systems серіктестігінің басшысы 5 жылға инвестициялық қызметпен айналысуға тыйым салынып, 6 жылға шартты түрде бас бостандығынан айырылды.