Хабар телеарнасы

Түркістан облысында күдіктілерге қысым көрсеттті деген айыппен 6 полицей сотталды

Олардың бесеуі төрт жылға бас бостандығынан айырылса, тағы бір тәртіп сақшысы 3,5 жылға қамауға алынды. Сондай-ақ сот үкімімен барлығы шенінен айырылып, құқық қорғау органдарынан шеттетілді. Олар жазаны қауіпсіздігі орташа мекемесінде өтейтін болады. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ. Алайда айыпталушылардың туыстары мен қорғаушылары үкіммен келіспейміз деп сот залында шу шығарды. Айтуларынша тергеу барысы мен сот отырысында қылмыстары дәлелденбеген. Сондықтан облыстық сотқа аппеляциялық шағым түсірмек. Еске салайық осыдан бір жыл бұрын Сауран аудандық Полиция бөлімінің бұрынғы қызметкерлеріне екі тұрғынды ұрып-соғып, мал ұрлығы бойынша қылмысты мойындатпақ болды деген айып тағылған.

Абай Бекботаев, Түркістан қалалық сотының судьясы:
-ҚР Қылмыстық кодексінің 146-бабының 2-бөлігі, 1-2-тармақтарында және 414-бабында көзделген қылмыстық құқықбұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылсын. Үш жылға құқық қорғау органдарында қызметінен айыра отырып, 4 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын.